Қарағандыда күзет агенттігінің көлігіне қарулы шабуыл жасалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда қаруланған екі белгісіз адам күзет агенттігінің көлігіне шабуыл жасады.

Жол-көлік оқиғасын әдейі ұйымдастырған қарақшылар, көлік шіндегі адамдарға қару кезеніп, автокөліктегі ақшаны алып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

25 маусым сағат 10.40-та Қарағанды қаласы Складская көшесінде «ВАЗ 2110» көлігіне мінген екі белгісіз адам «Лада Гранта» автокөлігімен жол-көлік оқиғасын ұйымдастырған. Автокөлік қаладағы күзет агенттіктерінің біріне тиесілі. Қылмыскерлер 24 жастағы күзетшінің ақшасы мен қаруын алып кеткен.

«Осы факт негзінде ҚР ҚК 192-бап, 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. «Сирена» жоспары жарияланды. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті.

Күдіктілерді анықтап, оларды қолға түсіруге облыстың ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы жұмылдырылған.


Соңғы жаңалықтар