Қарағандыда күйшілер арасында онлайн байқау өтеді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Дәулеткерей Шығайұлының туғанына 200 жыл толуына орай күйшілер арасында онлайн байқау өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Додаға қатысу шарттары қарапайым. Қатысушылар Даулеткерей Шығайұлы шығармаларының бірін орындауы керек. Күй тартып отырғанын бейнеге түсіріп, Instagram-да @dkg_krg парақшасын белгілеп, #Қосалқы хештег қойып жариялауы тиіс.

Сонымен қатар, орындаушының есімін, өңірін және жасын көрсету керек. Байқауға 10-15 және 16-30 жастағы музыканттар қатыса алады.

Кәсіби мамандар, музыкалық білімі бар адамдарға жарысқа қатыса алмайды.

Бейне роликтер 17 сәуірге дейін қабылданады. Қорытынды 20 сәуірде шығарылады. Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен, алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Байқау туралы толық ақпаратты келесі телефондар арқылы білуге болады: 8-701-770-44-72, 8-771-989-33-44, 8-707-121-83-99.


Соңғы жаңалықтар