Қарағандыда құтқарушылар жалын шарпыған үйден кішкентай баланы алып шықты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 9 ақпан күні Қарағанды қаласында жеке тұрғын үйдің шатыры өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

9 ақпанда 06:51-де өрт сөндірушілердің кезекші пультіне Қарағанды қаласы, Ключевая көшесіндегі жеке тұрғын үй шатырының жанып жатқаны туралы қоңырау түсті. Өрт сөндірушілер шақырту орнына тез арада жетті. Тілсіз жау жер үйдің шатыр ағаш торын, төбе қаптамасын, үй заттарын, терезе және есік жақтауларын, жиһаз бен ағаш еденді, сонымен қатар, гараждың ағаш конструкциялары мен үй маңындағы құрылыстарды шарпыған.

Жанған үйден өрт сөндіру бригадасы бір баланы эвакуациялады.

«Өрт сөндіру - қолайлы ауа райының өзінде аса ауыр міндет, дегенмен мынадай қатты аяз кезінде, экстремалды жағдайларда бұл нағыз сынақ. -36 градусқа жеткен қатты аяз, түтік құбырдағы қатып қалған суға, барлық кедергілерге қарамастан, өрт сөндірушілер өздерінің кәсіпқойлығын көрсетті», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық ТЖД баспсөз қызметі.

Сағат 08:52-де тілсіз жау ауыздықталды. Оқиға орнына Қарағанды облыстық ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 53 қызметкері мен 11 техникасы жұмылдырылды. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар