Қарағандыда күшті жел көпқабатты үйдің шатырын жұлып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 наурыз күні Қарағандының Зелинский көшесіндегі үйлердің бірінің 30 шаршы метр шатырын жұлып кетті, деп хабарлайды ekaraganda.kz.

«Жұбайым аулада жүрген қатты дауыстан шошыған ол шатыр жұлынбас бұрын үйге кіріп үлгерді. Оның артынан ер адам келе жатыр еді, шатыр соған құлады. Абырой болғанда оның шошып кеткені болмаса аса қатты зиян шеге қойған жоқ»,-дейді Константин Ковалев.

Тұрғын үй тұрғындары ПИК өкілдерінен міне, бірнеше жыл бойы көмек сұрап келе жатқандарын айтады. Өйткені шатыр жыл сайын жұлынып, көліктерге зақым келтіреді.

«Бір пәтердің шатырын жұлып кетті»,-деді «Доверие-160» пәтер иелері кооперативінің төрағасы Тұрсынхан Қауметов.

«Оқиға орнына төтенше жағдай қызметкерлері келіп, шатырды көрді, біз әзірге дұрыстап бекітілмеген шатырды өзіміз жөндай саламыз»,-дейді ол.

Айта кетейік, жағдайды қазір Октябрь ауданы әкімінің аппараты бақылауға алды.

Фото: ekaraganda.kz

Соңғы жаңалықтар