Қарағандыда құс салудан республикалық турнирге қатысатын бүркітшілер іріктелді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда аушы құстармен аң аулау бойынша республикалық турнирдің қатысушылары таңдалды. Аталмыш дода осы аптаның соңында Семей қаласында өтеді және Абайдың 175 жылдық мерейтойына орайластырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Республикалық турнирге қатысу үшін бүркітшілер Қарағанды облысының чемпионатында өз шеберлігін дәлелдеуі тиіс. Бәсеке «Карат» ат зауыты аумағында өтті. Қатысушылар аушы құстармен аң аулау шеберлігін көрсетті, олар жарысқа өз бүркітін, сұңқары мен қаршығасын ала келді.

Сұңқарлар мен қаршығалар түлкі тұлыбын ұстаудан жарысса, бүркіттер тірі қоян аулады.

Бүркітшілер арасында бірінші орынды Ақжелкен атты бүркіттің иесі, қарағандылық чемпион Темірәлі Төлегенұлы жеңіп алды. Екінші орынды бүркітшілер отбасының үшінші ұрпағы Асан Әбдіразақов пен Шет ауданынан келген Сарыарқа құсы иеленді. Үшінші орын Бұқар Жырау ауданының өкілі Жарас Досов және оның Ақбет атты құсына берілді. Қаршығамен аң аулауда Ерғазы Ерасыл және оның Сөгет атты қаршығасы үздік болды. Екінші орынды Таңат Оспанқұлов пен Жебе атты қаршыға иеленді. Үшінші орын Нұрдәулет Егінтай мен оның Бидайық атты құсына бұйырды.

Төрешілердің шешімімен Семей қаласында өтетін республикалық турнирге Темірәлі Төлегенұлы, Асан Әбдіразақов және аушы құстармен аң аулау бойынша облыстың аға жаттықтырушысы Төлеген Махамбетшин аттанады. Ел біріншілігінде қаршығамен аң аулауда Ерғазы Ерасыл өз шеберлігін көрсетеді.

Екінші ақпанда «Қайрат» ұлттық және ат спорты түрлері БЖСМ ат-спорт базасының аумағында тазы тұқымды иттерді тіркеу және төлқұжаттарды салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. Шарадан кейін иттер жүгіріп жарысты. «Арлан» номинациясы бойынша Абай ауданынан келген Майлақ деген тазы мен оның иесі Амантай Төлеген жеңімпаз атанды. Екінші орында - Анна Захарова мен қарағандылық Джек есімді ит. Үшінші орынды Бұқар Жырау ауданының өкілдері иеленді.

«Ұрғашы» номинациясы бойынша Шет ауданы мен Қарағанды қаласының қатысушылары үздік атанды.

Күшіктер арасында Нұра ауданы, Теміртау, Ақтоғай ауданынан келген қатысушылар жеңімпаз атанды.

Чемпионатқа 100-ден астам тазы тұқымды ит қатысты. Жарысты «Қайрат» ұлттық және ат спорты түрлерінің БЖСМ басшысы, Қарағанды облысының ұлттық және ат спорты түрлері федерациясының президенті Шәризат Қазтаев ұйымдастырды.


Соңғы жаңалықтар