Қарағандыда коронавирус жұқтырған 3 адам ауыр халде жатыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат –Қарағанды облысында 6 сәуір күні тағы 16 адамнан COVID-19 анықталды. Вирус жұқтырғандардың барлығы – коронавирустан қайтыс болған адамның отбасы мүшелері және онымен байланыста болғандар. Бұл туралы ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың барлығы індетке қарсы қауіпсіздіктің қажетті шараларын сақтай отырып оқшауланған және ем қабылдауда.

Қарағанды облысында 6 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны – 48. Үш науқас реанимацияда ауыр халде жатыр, олардың біреуі өздігінен тыныс алады. Тағы үшеуінің жағдайы – орташа ауыр деңгейде.

Барлық жұқтыруы мүмкін адамдарды анықтау үшін мұқият эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде. Вирус жұқтырған адамдармен байланыста болғандар оқшауланған.

Қарағанды облысында үй карантинінде 1 346 адам жатыр. 862 пациент тәулік бойы бақылауда, оның ішінде 48-і инфекциялық стационарда.

Пневмония мен ЖРВИ-ға күдігі бар науқастарды емдеу үшін облыс қалаларында пульмонологиялық орталықтар ашылды. Вирустық инфекциямен ауыратын науқастарға мамандандырылған жедел бригадалар қызмет көрсетеді.


Соңғы жаңалықтар