+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Қарағандыда коронавирус вакцинасын салдырған ұжымдарға сыйлық беріліп жатыр

2021 жылғы 2 тамыз 18:01
Бөлісіңіз:
Қарағандыда коронавирус вакцинасын салдырған ұжымдарға сыйлық беріліп жатыр

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – «АрселорМиттал Теміртау» кеншілер ұжымының 48%-ы, металлургтердің 69%-ы КВИ-ге қарсы екпе алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде қанша адамның коронавирус вакцинасын салдырғаны белгілі болды Атырауда вакцина салдырған 18 жасар бозбала миллионер атанды Өзбекстанда екпе науқаны басталғалы вакцинаның 18 млн дозасы салынды

Вакцинация науқанында темір кені департаменті («Өркен» ЖШС) көшбасшы болды, бұл көрсеткіш қызметкерлердің жалпы санынан вакцина алғандардың 79%-ын құрайды.

«Өркен» ЖШС Лисаков филиалында қызметкерлердің 91%-дан астамы егілді.

Қосымша бонус ретінде компания басшылығы бірінші болып вакцинацияланған барлық бөлім қызметкерлерін ынталандыру жөнінде шешім қабылдады.

30 қыркүйекке дейін вакцинацияның толық курсынан өткендер 10 мың теңге көлемінде сыйақы алады.

Сонымен қатар, жұмысшылардың 80%-дан астамы толық вакцина алған бригадаларға сыйлықтар дайындалды.

45 адамға дейінгі жөндеу ауысымының бригадалары 300 мың теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы алады.

Ал құрамында 16 адамға дейін болатын технологиялық ауысым бригадалары – 150 мың теңге алады.

Естеріңізге сала кетейік, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы вакциналаудың басында өз кәсіпорындарының денсаулық сақтау пункті базасында егу кабинеттерін ашқан болатын.

Металлургтер мен кеншілер жұмыс орындарында алғашқылардың бірі болып екпе ала бастады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT