Jańalyqtar
-
ОНЛАЙН:
-
Қарағандыда көпқабатты үйдің дәлізінен екі айлық нәресте табылды
2021 жылғы 3 наурыз 16:00
Бөлісіңіз:

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының 15-ықшамауданында үйдің дәлізінен көрпеге оралған екі айлық қыз бала табылды. Көкек ана іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz ресурсына сілтеме жасап.
3 наурыз күні сағат 00.15 шамасында Октябрь полиция бөлімінің кезекші бөліміне 15-ықшамауданда үйлердің бірінің дәлізіне белгісіз біреудің көрпеге оралған екі айлық қыз баланы тастап кеткені туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шақырылды.
Бала ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 119-бабының 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция қызметкерлері баланың анасын анықтау үшін жұмыс жүргізуде.
TOP
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Мәжілісте ЕАЭО-ға Арменияның қосылуына қатысты құжат мақұлданды
- Жерді шетелдіктерге беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасы Сенатқа жіберілді
- Алматыдағы «Mega Park» маңындағы жол апатына қатысты сараптама нәтижесі шықты
- Франция Бразилиямен әуе қатынасын тоқтатты
-
Коронавирус пневмониясынан 5 адам қайтыс болды
-
«Ever Given» алып жүк тасушы кемесі сот шешімімен Суэц каналында қалдырылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER