+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қарағандыда көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы ашылды

2020 жылғы 26 маусым 07:16
Бөлісіңіз:
Қарағандыда көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы ашылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда «Жанұя» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы өз жұмысын бастады.

Ұқсас жаңалықтар
40 мыңға жуық қазақстандықтың мүгедектік мерзімі автоматты түрде ұзартылды Карантинде табысын жоғалтқан 2,2 млн-нан астам адам біржолғы төлем алды - министрлік Қазақстандықтарға шілдеде азық-түлік пен өзге де қажеттіліктер үшін 5,4 млрд теңге аударылды

Мұнда жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек көрсету, тұрғын үй бағдарламалары және басқа да мәселелер бойынша кеңес алуға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қолдауымен «Отбасы мектебі» қоғамдық қорының бастамасымен ашылды.

Мұнда көпбалалы отбасы мүшелері білікті психологтардың, заңгерлер мен әлеуметтанушылардың көмегін ала алады. Орталыққа денсаулық сақтау, білім беру, жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік, әлеуметтік көмек көрсету және тұрғын үй бағдарламалары мәселелері бойынша жүгінуге болады.

Кеңес алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі - бұл жұмыс форматы карантин шарттарымен түсіндіріледі. Орталықта айына бір рет атаулы әлеуметтік көмек ұсынудан бастап көпбалалы отбасында өзара қарым - қатынас құрудың психологиялық тәсілдеріне дейін түрлі тақырыптарға семинарлар өткізуді жоспарлап отыр.

Бірінші семинар орталықтың салтанатты ашылуынан кейін өтті. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» мамандары «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ипотеканы қалай алу керектігін айтты. Семинар барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өтті.

Орталықтың ашылу салтанатына Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Бикенов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшылығы, «Отбасы мектебі» қорының өкілдері және көпбалалы аналар қатысты.

«Жанұя» орталығы келесі мекен-жай бойынша орналасқан: Әлиханов көшесі, 5, 411 кабинет. Анықтама телефоны: 8-708-425-19-39.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT