+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Қарағандыда көпбалалы әйелдер үшін тегін шеберлік сабағы өтті

2021 жылғы 21 қыркүйек 23:15
Бөлісіңіз:
Қарағандыда көпбалалы әйелдер үшін тегін шеберлік сабағы өтті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы «Ана-Мама» қоғамдық қорымен бірлесіп, кондитерлік өнімдер пісіру бойынша тегін шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сәтбаевта жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті Қарағандыда полицейлер өрттен жеті адамды құтқарды Қарағанды облысында педофил 24 жылға бас бостандығынан айырылды

Кәсіби кондитер Айжан Шалғымбаева аналарға торт пен бәліш дайындауды үйретті. Ол сондай-ақ өз ісін ашуға грантты қалай алуға болатыны туралы да айтып берді.

«Мұндай шеберлік сабақтарын әр жұма сайын өткізетін боламыз. Үш апта ішінде 30 ананы оқытуды жоспарлап отырмыз. Біздің мақсатымыз – көп балалы әйелдерді кондитерлік өнімдерді дайындауға үйрету, сондай-ақ үй жағдайында ақша табуға және өз ісін ашуға көмектесу. Біз «Ана-Мама» қорымен үш жылға жуық жұмыс істеп келеміз. Қор тұрақты түрде аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетеді», – деді «Шаңырақ» орталығының жетекшісі Ләззат Қожахметова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT