Қарағандыда көне сауда үйі өртеніп жатыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда қаладағы көне ғимараттардың бірі «1 000 мелочей» дүкені өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Өрт сөндірушілер сағат 23-тен бері жалынмен арпалысып жатыр. Оған 15 арнайы машина жұмылдырылған.
Бірінші қабатында дүкен орналасқан тоғыз қабатты үйдің тұрғындары эвакуацияланған. Өртке қауіптіліктің ең жоғары деңгейі белгіленген.
«Өрт дүкеннің оң жағын толық шарпыған», - деп мәлім етті сол жерде жұмыс істеп жүрген өрт сөндіруші.
Оқиға орнында бірнеше өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеуде. Қаладағы барлық бөлімдерден көмек шақырылған.
Сонымен қатар Нұркен Әбдіров атындағы даңғылдың бойында көлік қозғалысы толығымен тоқтатылған.

Соңғы жаңалықтар