Қарағандыда қолында граната жарылған сарбаздың ісі тексеріліп жатыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда қолында граната жарылған әскери қызметшінің ісіне қатысты тексеріс жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Оқиға себептері анықталуда. Тексеріс барысында полигон аумағынан қауіпті ештеңе табылған жоқ», - дейді Ұлттық гвардияның «Орталық» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы подполковник Қанат Дос.

Ведомстводағылардың айтуынша, зардап шеккен 32 жастағы әскери қызметші Асан Сембіұлы палатаға шығарылған. Сарбаз есін жиған.

«Қарабас оқу орталығында шаруашылық жұмыстарын атқару кезінде әскери қызметші жерден шығып тұрған белгісіз пластмасса затты көрген. Аса мән бере қоймай, оны жерден ала бергенде жарылыс болған», - дейді ведомство өкілдері.

Еске сала кетейік, Қарағанды облысында Ұлттық ұлан сарбазының қолында граната жарылып кеткен болатын.

 

Соңғы жаңалықтар