Қарағандыда көлік жүргізушісінен оқталған тапанша табылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды полицейлері тоқтатылған көліктен оқталған тапанша тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық Полиция департаментінің Криминалдық полиция және арнайы мақсаттағы бөлім қызметкерлері қару-жарақтың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарды анықтау және олардың алдын алу мақсатында жедел-іздестіру шараларын өткізіп, 8 тамыз күні Қарағанды қаласының Волгодонская көшесінде «Газ-3102» автокөлігін тоқтатқан. Полиция қызметкерлері 34 жастағы ер адамның басқаруындағы машинаны тексеру барысында оқжатарында 8 патроны бар «ТТ» маркалы тапаншаны тауып, тәркіледі. Қару 1940 жылы шығарылғаны белгілі болды.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері барлық мән-жайды тексеріп, ұсталған азаматтың өзімен бірге қаруды қандай себеппен алып жүргенін анықтап жатыр.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар