Қарағандыда көлік ұрлаушы ұсталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының аумағында көлік ұрлығына қатысты жедел алдын алу шарасы өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара өткізу барысында Октябрь полиция бөлімінің қызметкерлері 29 жастағы қала тұрғынын анықтады.
18 маусымда түнде Октябрь полиция бөлімінің кезекші бөліміне 35 жастағы қала тұрғыны «Фольксваген Т4» маркалы көлігін белгісіз біреу ұрлап алып кеткені туралы арызданған болатын.
Аталған факті ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қаланың 29-жастағы тұрғынын анықтап, одан ұрланған автокөлік тәркіленді. Алдын ала тергеу барысында күдікті тағы бір көлік ұрлығаны мойындады.
Қазіргі уақытта осы азаматтың ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Соңғы жаңалықтар