Қарағандыда көлік оқыту орталығының директоры сотталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қарағанды облыстық департаменті «ҚТЖ ҰҚ» АҚ Қарағанды көлік оқыту орталығының директоры Д.Қарамышевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Д.Қарамышев жүйелі негізде оқу орталығы топтарының старосталары арқылы тыңдаушыларды оқудан босату үшін, сондай-ақ оларды оқу демалыстарына жіберу үшін пара алып отырған.

Биыл 11 шілдеде Октябрь аудандық сотының үкімімен Д.Қарамышев пара алғаны үшін 6,8 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Сондай-ақ,  Т.Демесінов  пара бергені үшін Д. Бауылбеков делдал болғаны үшін айыппұл төлейді.

Сот айыппұлды төлеу мерзімін бекітті. Үкім заңды күшіне енген күннен бастап 1 айдың ішінде төленбеген жағдайда, жаза бас бостандықтарынан айыру түріне ауыстырылады.

Сотталушылар өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқықтарынан айырылды. 

Соңғы жаңалықтар