Қарағандыда көлік қағып кеткен 20 жасар велосипедші мерт болды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда велосипедшінің қатысы болған жол-көлік апаты фактісі бойынша сот алдындағы тергеу амалдары басталды, деп хабарлады аймақтық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

«Жол-көлік апаты фактісі сот алдындағы тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 345 бабының 2 бөлімі (Көлік құралдарын жүргізушілердің жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша тіркелген. Барлық мән-жайлар анықталып, сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде, бірқатар сараптамалар тағайындалды», - деді ІІД-нің баспасөз қызметінен.

«ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісі куә болған жол апаты 2 шілде күні түнгі сағат 12-лерде Ерубаев көшесінде орын алған. Бейбітшілік желекжолына қарай жүріп бара жатқан «Мазда» көлігі жолды кесіп өтіп бара жатқан велосипедшіні қағып кетті. Зардап шеккен жас жігіт өте ауыр жарақаттар алған. Жолаушылар оған алғашқы көмек көрсетіп, оқиға орнына медициналық жәрдем шақырды. «Мазданың» жүргізушісі полицейлер келгенше оқиға орнында болды. Дәрігерлердің хабарлауынша, зардап шеккен 20 жастағы велосипедші алған жарақаттарынан ауруханаға жеткізгенде көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар