Қарағандыда қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда өлі сәбидің табылуына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

25 сәуірде Қарағанды қаласы Октябрь ауданының 12- ықшам ауданындағы үйлердің бірінің маңындағы қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды.

​Аталған дерек бойынша барлық ішкі істер органы қызметкерлеріне бағыттама берілді. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері шақалақтың анасын іздестіріп жатыр.

​Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар