+7 (701) 759 90 19
USD 429.59 EUR 507.3
RUB 5.62 CNY 64.1
Jańalyqtar

Қарағандыда қоқыс таситын көлікті ұрлап кетті

2018 жылғы 13 маусым 08:43
Бөлісіңіз:
Қарағандыда қоқыс таситын көлікті ұрлап кетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда белгісіз біреулер ірі габаритті қоқыстарды шығаруға арналған жүк көлігін ұрлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Liter.kz сайтына сілтеме жасап.

«2014 жылы шығарылған мемлекеттік номері - 591 АО/09, «КамАЗ» көлігі ұрланды. Оған 2015 жылы шығарылған мемлекеттік номері 17СКА/09, «НефАЗ» тіркемесі жалғанған. Машиналар «Қарағанды Қалалық коммуналдық көліктер» ЖШС-ға тиесілі», - деді кәсіпорыннан.

Көлікті Бұқар жырау ауданында Үштөбе ауылы мен Құрылыс кентінің арасындағы далалы аймақта айдап кеткен.

Компания өкілдері қоқыс таситын машинаның кімге керек болғанын түсінбей дал. Бұл ретте, оны басқа мақсаттарда оңай қолдануға болатынын атап өтуде.

«Бұл көлікті тұрғындардың лақтырған ескі техникаларын - тоңазытқыштарды, жиһазды, өзге үй техникаларын шығаруға қолданатынбыз. Заң бойынша мұны жасауға міндетті емеспіз. Адамдар көлікті өздері жалдап, оларды полигонға жеткізуі керек. Бірақ тұрғындар бұл ережені бұзып келеді», - деп атап өтті кәсіпорыннан.

Компания басшылығы ұрланған көлік туралы қандай да мәліметке ие азаматтарды полицияға хабарласуды сұрайды. Ақпарат үшін сыйақы тағайындалды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT