Қарағандыда кішкене бала ваннадағы суға батып кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда ваннада шомылып жатқан бір жарым жасар бала суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға 5 маусымда болған. Қарағанды қаласындағы пәтерлердің бірінде жуынатын бөлмеде 2018 жылғы кішкентай қыз бала суға батып кетті. Қайғылы оқиға кезінде үйде баланың әкесі болған.
«Бұл факті ҚК-нің 141-бабы 2-бөлімі бойынша (Абайсызда бала өліміне әкеп соқтырған балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамау) тіркелді», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінде.
Қазір аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Соңғы жаңалықтар