Қарағандыда киберспорттан бірінші аймақтық турнир өтеді

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда «Alaman Cup: Qarag'andy Online CS:GO Qualifications» бірінші аймақтық турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Турнир «Қазақтелеком» АҚ мен Қарағанды облысы ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған.

Counter-Strike GO және FIFA 20 киберспортынан алғаш рет өткелі отырған аймақтық турнирдің жүлде қоры - 500 000 теңге (400 000 – CS GO, 100 000 - FIFA 20).

Турнир Қарағанды облысы ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен «Қазақтелеком» АҚ қолдауымен ұйымдастырылуда. Жарысқа қатысу тегін және жасы 12-ден асқан барлық қазақстандықтар қатыса алады.

LAN-финалда көрермендерді тек матчтар ғана емес, Mortal Kombat 11, FIFA 20–дан әуесқой турнирлер, байқаулар және викториналар, сондай-ақ, косплей-шоу күтіп тұр.

Іріктеуден өткен еліміздің өзге қала қатысушыларына тұратын жер мен жол ақысы қарастырылған.

Турнир 3 кезеңде өтеді:

15 ақпан - ашық онлайн іріктеу, қорытындысы бойынша 1 үздік команда турнирдің финалына өтеді.

16 ақпан - ашық ЛАН іріктеу, қорытындысы бойынша 1 үздік команда турнирдің финалына өтеді. Барлық ойындар LOG интернет-кафесінде (Қарағанды қ., Лобода көш., 29-үй) өтеді.

23 ақпан - финалдық ойындар Серік Сапиев атындағы Бокс орталығында өтеді.

Барлық матчтар Pinger.kz (тек CS:GO) онлайн-платформада өтеді.

Ұйымдастырушылар командаларды турнирге қатысуға шақырады. Толық ақпаратты экономика салаларын цифрландыру бөлімінен білуге болады. Бөлім басшысы - Жұмаханов Мейіржан Медеубайұлы. Телефон: 8-701-671-19-11.


Соңғы жаңалықтар