Қарағандыда кеншілерге қойылған ескерткішті вандалдар қиратты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Белгісіз біреулер Қарағанды орталық саябағында орнатылған кеншілер ескерткішінің тақталарын қиратып, монументтегі мыс жазуларды ұрлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің қызметкерлер оны қалпына келтіреді. Қазір қиратылған гранит тақталар алынып тасталып, орнына басқасы қойылады. Монументтегі әріптердің нақты саны есептелінеді. Жазба қайта қалпына келтіріледі. Қазір су өтпейтін және берік материалдан жасау ойластырылып жатыр», - деді Қарағанды қалалық мәдени, демалыс парктер және саябақтар басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомство хабарлағандай, полицияға шағым түсіріледі.  Осы факті бойынша толық ақпарат таяу уақытта белгілі болады. 

Соңғы жаңалықтар