Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 20 °С
Алматы: 21 °С
USD 343.06 EUR 402.38
RUB 5.49 CNY 51.34
Жаңалықтар

Қарағандыда Кеңес Одағының Батыры Мартбек Мамыраевтың мүсіні ашылды

2017 жылғы 8 тамыз 12:59 1289
Бөлісіңіз:
 Қарағандыда Кеңес Одағының Батыры Мартбек Мамыраевтың мүсіні ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда Октябрь ауданындағы әскери-техникалық мектеп жанында Кеңес Одағының Батыры Мартбек Мамыраевтің мүсіні ашылды, деп хабарлайды өңір әкімдігінің ресми сайты

Әскери-техникалық мектеп Мартбек Мамыраевтың атын иеленген. Мүсіннің авторы сәулетші Эли Качуев. Салтанатты ашылу рәсімінде батырдың туыстары мен қызы Клара Мартбекқызы Мамыраева, сонымен қатар қалалық мәслихат хатшысы Құдайберген Бексұлтанов, Октябрь ауданының әкімі Әлімжан Қанаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Сейфуллұлы Аймағамбетов қатысты. 

Мартбек Мамыраев - 1908 жылы 2 наурызда №20 ауылда (қазіргі Қарқаралы ауданының Ақжол ауылында) дүниеге келген. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанады. Днепрді алуда танытқан әскери ерлігі үшін Мартбек Мамыраевқа КСРО Жоғары Кеңесінің Президиумы Жарлығымен 1944 жылы 15 қаңтарда Кеңес Одағының Батыры атағы мен Ленин ордені және «Алтын жұлдыз» медалі берілген. Кеңес әскерінің құрамынан демобилизацияланған соң Мартбек Мамыраев Киров атындағы шахтада партия ұйымын басқарды, одан кейін Қрағанды қаласының Ленин аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болды, кеншілер астанасы атқару комитеті төрағасының орынбасарлығына сайланды. Өмірінің соңғы кезінде ол химия-металлургия институтында еңбек етті.

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат