Қарағандыда қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің рөлі мен болашағы талқылануда

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған жас ақындар мен жазушылардың республикалық форумы өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атақты және жаңадан қадам басқан әдебиетшілердің кездесуі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Оның басты мақсаты – ұлттық мәдениетті насихаттау, ұрпақтар сабақтастығы және жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу болып табылады.
«Бүгін біз қазақ әдебиетінің қазіргі жағдайы мен даму жолдарын талқылау үшін жиналып отырмыз. Әдебиет – бұл халықтың паспорты. 20-ғасырдың екінші жарты жылдығы қазақ әдебиетінің тарихында алтын ғасыр болғанын барлығы біледі. Ақын-жазушылардың шығармашылығы соғыстан кейін халықтың рухын көтеруге көмектесті. Сол жылдары Әуезов «Абай жолын» жазды. Содан бастап ұлы қазақ ойшылын бүкіл әлем танып білді. Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы қазақ халқы тарихын үлкен қырынан көрсетті», - деді форумның ашылуында облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов.

Ол атап өткендей, жаңа технологиялар ғасырында кітап оқу адам өмірінің барлық аспектілерінде маңызды рөл атқарады. «Қазіргі заманғы әдебиет жастарға қызықты болуы керек және бұған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағытталған», - деді Абзал Нүкенов.
Белгілі әдебиетші Исраил Сапарбаевтың айтуынша, көпшілік «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мәнін түсінбеген. «Рух» дегеніміз ол жүректе болуы керек. Ол – адамның жан дүниесі. Біз оны дұрыс түсінуіміз керек. Бұл бүкіл халықтың рухани жаңғыруын білдіреді. Бүгін, өкінішке орай, көптеген адамдар тек материалдық тұрғыда ойлайды. Бірақ рухани дүние туралы да ұмытуға болмайды. Жақында Нұр-Сұлтанда Азия елдері жазушыларының үлкен форумы өтті. Қарағанды форумы оның жалғасы болды. Бұл әдебиетшілердің өте уақтылы ұйымдастырылған және қажетті кездесуі. Біз бірге заманауи әдебиеттің болашағын анықтай аламыз деп ойлаймын», - деді форум қонағы.

Шара барысында жас ақындарға Қазақстан Жазушылар одағы мүшелерінің куәліктері салтанатты түрде табыс етілді.
Форум жұмысы «Қазіргі заман қазақ әдебиетінің бет-бейнесі және рөлі» тақырыбында өткен дөңгелек үстел отырысымен жалғасты. Басқосуда өте қызықты және пайдалы пікірталас жүргізілді. Қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Көптеген қызықты идеялар мен ұсыныстар айтылды. Форумның екі күні семинарлар мен тренингтерге, шеберлік сабақтары және кітап тұсаукесерлеріне толы болады. Жазушылар мен ақындар қарағандылық студенттермен кездеседі. Бағдарламада сондай-ақ мәдени және спорттық іс-шараларды қарастырылған. Форум гала-концертпен аяқталады.



Соңғы жаңалықтар