Қарағандыда қазақтың белгілі ғалымы Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш ашылды

None
None
РАҒАНДЫ. 21 қазан. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Бүгін Қарағандыда қазақтың белгілі ғалымы, қоғам және мемлекет қайраткері Қаныш Сәтбаевқа орнатылған ескерткіштің салтанатты ашылуы болды.

Салатанатты іс-шараға Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов, ҚР Парламент депутаттары, Сәтбаевтың туыстары қатысты.

Облыс әкімі С.Ахметов: «Туындылары әлемдік ілімді байытып, әлемдік өркениеттің дамуына үлес қосқан көне Шығыстың танымал ғалымдары мен ойшылдарының есімі бүкіл әлемге белгілі. Олардың арасында Әл-Фараби, Мұхаммед Хайдар Дулати, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлихановтар бар. Солардың қатарында жерлесіміз Қаныш Сәтбаевтың есімі де бар екенін біз мақтан тұтамыз» , - деген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қаныш Сәтбаев туралы айтқан сөзін мысалға келтірді.

Ескерткіш облыс орталығының вокзал алдындағы алаңына орнатылды. Мүсін авторлары алматылық Ольга Прокопьева мен Дәурен Досмағамбетов. Мүсіннің жалпы биіктігі 14 метр, ал қоладан құйылған ғалымның мүсіні 5,4 метрді құрайды.

Соңғы жаңалықтар