+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Қарағандыда «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауының жеңімпаздары анықталды

2019 жылғы 14 шілде 08:51
Бөлісіңіз:
Қарағандыда «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауының жеңімпаздары анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласындағы Серік Сәпиев атындағы Бокс орталығында «Қазақстанның үздік тауары» жыл сайынғы байқау-көрмесі өтті. Қатысу өтінімдерін 80 жергілікті өндірушілер берді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Өңірлік байқау-көрмесі үш номинация бойынша өтті: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары», «Халыққа арналған үздік тауарлар». Жеңімпаздар Астанада өтетін республикалық байқауда облыс намысын қорғауға барады.

Көрмеге барлығы 80 облыс тауар өндірушілері қатысты. Бұл ірі компаниялар және «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша оқытылған бастаушы кәсіпкерлер.

Осы жылы көрмеге алғаш қатысушы жаңа өнімдер қатарында – Қазақстанда отқа төзімді материалдарды өндіру бойынша «Seven refractories» ЖШС зауытының өнімі. Бұл зауыт жоғары сапалы материалдар – шойын, болат, цемент, алюминий, қыздыру пештерін, сондай-ақ «Қазақмыс», «АрселорМиталл Теміртау», «Казцинк» сияқты ірі компаниялар мұқтаж тағы басқаларын шығаратын еліміздегі бірінші кәсіпорын болып табылады. Егер олар алдында отқа төзімді материалдарды шетелден сатып алса, онда қазір оларды қарағандылық өндірушіден алатын болады.

Балқаштың жеке кәсіпкері Әбдікәрімова квас пен лимонад өндірісі бойынша кәсіпорынды көрме келушілерінің назарына ұсынды. «Холдинг Алтын Арна» ЖШС 13 жыл бойы полиэтилен және полимер өнімдерінің өндірісімен айналысады. Олардың сұрыпталымында жылыжай, құрылыс ауыл шаруашылық, орауыш пленкалар мен тағы басқалары бар.

Қазақстанда дәмдеуіш, тұздық, тез дайындалатын сорпа, татымдылар мен кулинарлық қосымшалар нарығына ірі сауда-өндірістік компаниялардың бірі «Малу» ЖШС өз өнімін ұсынды. Сондай-ақ көрме қатысушылары арасында бірнеше тоқыма кәсіпорындары да болды. Көрме қонақтары жергілікті тігілген киімдерді ғана емес, сонымен бірге алуан түрлі үйге арналған тоқыма текстилін тамашалай алды.

Сондай-ақ «Бизнес Бастау» бағдарламасының түлектері өз өнімдерін көрсетті. Олардың ішінде қымыз, жартылай фабрикаттар, сүт тауарлары, кондитер бұйымдары, ет өнімдері мен тағы басқаларын өндірушілер бар. Жергілікті қолөнер шеберлері көптеген тәттілерді – торт, нан-тоқаш, сүт және дайын ет өнімдерін ұсынды.

Гүлбаршын Мейірхан Бұқар-Жырау ауданынан келді.

- Мен өз ісімді екі жыл бұрын бастадым. Ұлттық стильде жастық, көрпе диван жабынын тігемін. Алдымен таныстарым мен ауыл тұрғындарынан тапсырыс алдым. «Бастау бизнес» бағдарламасы туралы біліп, оқуға бел будым. Жуырда курсты тәмәмдап, сертификат алдым. Бүгін адмдар көбірек білсін деп өз өнімдерімді көрмеге әкелдім. Өзім ІІ топ мүгедегімін, көп бала анамын, алайда мұның бәріне қарамастан өз бизнесімді одан әрі дамыту үшін де уақыт табамын, - деді Гүлбаршын Мейірхан.

«Бастау Бизнес» бағдарламасының тағы бір түлегі Хайрат Аманбеов ет өнімдерінің өндірісімен айналысады.

- 2016 жылы қаладан ауылға көшіп келуді шештік. Сөйтіп Шахтинсктен Осакаровкаға көштік. Мұнда ет дүкені болмады, сондықтан осы кәсіппен айналысуға бел будым. Таныстарымнан «Бастау бизнес» бағдарламасы туралы естіп, оқуға бардым. Курс аяқталғаннан кейін маған 3 миллион теңге мөлшерінде несие берді. Сөйтіп дүкен сатып алып, өз ісімді бастадым. Өткен жылы тағы бір микрокредит алып, қажетті жабдық сатып алғанмын. Бүгінде ісім алға басты, біз шұжық, қазы, қақталған өнімдер шығарамыз. Екі фермамен ынтымақтастық етеміз, өзіміздің де малымыз бар. Болашақта бизнесті кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Кәсіпкерлер палатасы бізге үлкен көмек көрсетті, - деді «Гульзан» ЖК директоры Хайрат Аманбеков.

Байқау-көрме қорытындысы бойынша облыс әкімінің облыста сапаға қол жеткізгені үшін сыйлық «Sary-Arka Copper Processing» ЖШС катодты мыс өндірісі бойынша зауытқа берілді.

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясына 21 кәсіпорын қатысты. Жеңімпаз «Холдинг-Алтын арна» ЖШС болды.

«Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясына облыстың 24 кәсіпорны қатысты. Олардың ішінде жеңімпаз «SUNPAPER» ЖШС шаруашылық-тұрмыс және санитариялық-гигиеналық мақсаттағы қағаз бұйымдарының сарандық өндірушісі болды.

«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясына 15 компания қатысты. Жеңімпаз - «Малу» ЖШС.

Бұл кәсіпорындар «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауында біздің өңірдің намысын қорғайтын болады.

Сонымен бірге, бизнес қауымдастықтар, мемлекеттік органдар мен қауымдастықтар жеке номинациясын да алды.

«BUSINESS–Әлеумет» Үздік әлеуметтік-бағдарлы кәсіпорын» номинациясында «ALEMGAZ» ЖШС марапатталды. «Инновациялық жоба» - номинациясында – «PROTOM» ЖШС. Бизнес үшін үздік БАҚ «Жаңа телевидение» телекомпаниясы болды. «ШОБ дамытуда жеке үлесі үшін» номинациясында Надежда Перегон марапатталды. «Үлгілік салық төлеуші» номинациясында «Сарыарқа Нан Караганды» ЖШС марапатын алды. «Қарағандының үздік экспорттық-бағытты кәсіпорындары» номинациясын «Беммер Арматура» ЖШС жеңіске жетті.

- Кәсіпкерлер палатасы инвесторлармен және әріптестермен байланысты реттеуге көмектесіп, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғап, отандық өндірушілерді үнемі қолдайды. Ал «Қазақстанның үздік тауары» - өңір тұрғындары өндірушілермен және жергілікті өніммен танысатын негізгі алаң. Біз «Қарағандыда жасалған» маркасымен тауарларды кеңінен жарнамалау және жылжыту мақсатын көздейміз. Жылдан жылға тауарлар мен қызметтерге тұтынушылардың талаптары өсуде, бәсекелестік өндірушілерді асықтырады, және біз өнім сапасының артқанын көріп отырмыз. Бұған қарағандылықтардың өзінің көзі жеткен шығар, - деді Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Кульпеисов.

Еске сала кетсек, «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесі 2001 жылдан өткізіліп жатыр. 2015 жылдан бастап оған жеке кәсіпкерлер де қатысады. Негізгі номинациялардан басқа, қоғамдық ұйымдардан, қауымдастықтар мен өңірдің бизнес-қауымдастықтарынан 7 қосымша номинация құрылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT