Қарағандыда «Қазақавтожол» басшыларының бірі парамен ұсталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Қарағанды облысындағы филиалы басшысының орынбасары Ержан Отаров алматылық жол жөндеу фирмасының директорынан пара алды деп күдікпен ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Лауазымды тұлға жол жөндеу фирмасының директоры кабинетінен шығып кеткеннен кейін 15 минутта ұсталды. Шенеунікті арнайы тағайындалған жасақтың қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінің қызметкерлері ұстады. Ержан Отаров тергеу бөлімі басшысына кінәсін толықтай мойындады.

«Қазақавтожол» РМК филиалы басшысының орынбасары сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық бойынша күдікті деп танылып, Ұлттық бюро департаментіне жеткізілді. 

Соңғы жаңалықтар