Қарағандыда «Қазақ балалар әдебиетінің антологиясы» он томдығы таныстырылды

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Абай атындағы Қарағанды облыстық кітапханасында балалар кітабының дәстүрлі апталығында «Қазақ балалары әдебиетінің антологиясы» он томдығы таныстырылды. Құрастырушы – Байбота Қошым-Ноғай, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Балалар кітабы апталығы 1954 жылдан бері өткізіліп келеді. Апта аясында түрлі іс-шаралар өткізіледі: квестбук, дөңгелек үстел отырысы, кітапхана стилі күні, тренингтер, шеберлік сабақтар, библиоперфоманс және тағы басқасы. Өткен жылы «Қазақ балалар әдебиеті антологиясының» он томы жарық көрді. Енді біз презентация ұйымдастырдық. Оған Алматыдан онтомдықтың құрастырушысы – белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Алаш» сыйлығының лауреаты Байбота Қошым-Ноғайды шақырдық», – деді Абай атындағы балалар кітапханасы директорының орынбасары Қалқатай Қалиева.

Тұсаукесерге Қарағанды облысының кітапханашылары мен жас оқырмандар келді.

«Мен антологияны құрастыруды 80-ші жылдары бастадым. Сол жылдары «Жалын» баспасында жұмыс істедім. Көпшілік қазақ тілінде балалар әдебиеті жоқ деп айтты, мен ол түсінікті теріске шығаруға бел будым. Ыбырай Алтынсарин, Жүсіпбек Аймауытов, Ахмет Байтұрсынов және басқалары балаларға арнап жазған. Мұхтар Әуезов те өз шығармаларын балаларға арнады, бірақ орыс тілінде. Мен ақындар мен жазушыларды жинап, антология жасадым. Таралымы – 500 дана», – дейді антология құрастырушысы Байбота Қошым-Ноғай.

Балалар кітабы апталығының жабылуында бүгін, 29 наурызда «Оқырман бенефисі» өтті.


Соңғы жаңалықтар