Қарағандыда қаза тапқан сарбаз Шымкентте жерленеді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы оқу-жаттығу кезінде ауыр жарақат алып, қаза тапқан ІІМ Ұлттық гвардиясы әскери бөлімшесінің қатардағы жауынгері Шымкентте жерленеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ІІМ Ұлттық гвардияның «Орталық» Қарағанды өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлағандай, сарбаздың мүрдесі туған жеріне жөнелтілді.

«Бас қолбасшылық пен Ұлттық гвардияның барлық жеке құрамы қатардағы сарбаз Перметов Тимур Фахритдинұлының қаза табуына байланысты оның туыстарына қайғырып, көңіл айтады», - деп атап өтті Ұлттық гвардияның баспасөз қызметі.

№ 5451 әскери бөлімінде қызметтік тергеу жүріп жатыр.

Еске салайық, Тимур Перметов 23 тамыз күні таңғы сағат 7-де әскери техниканы дайындау және тексеру кезінде жарақат алып, 5451 әскери бөлімінде қаза тапқандығы туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар