Қарағандыда қаза тапқан арнайы жасақ сарбазы туралы фильм түсірілді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда полиция қызметкерлері шынайы оқиға желісімен «Дабыл операциясы» атты фильм түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер фильмді 17 жыл бұрын аса қауіпті қылмыскерлерді ұстау кезінде қаза болған әріптестері, арнайы жасақ сарбазы Александр Истоминге арнады.
Қойылым «Арлан» арнайы жасақ бөлімшесінің құрылғанына 20 жыл толу күніне орайластырылды. Фильм сценаристері әріптестердің еске алған әңгімелері мен мұрағат құжаттарын пайдаланған. 

Александр Истомин полиция қатарына 25 жасында келген, оған дейін әскерде болып келіп, шахтада қызмет еткен. Алдымен Абай қалалық ІІБ-де сарапшы-криминалист болып істеген. Бес жыл өткен соң полиция сержанты Қарағанды қалылық ІІБ жедел әрекет ету ротасына қабылданған. 
2000 жылдың 26 қазанында арнайы жасақшы «Валют-Транзит банкке» шабуыл жасаған күдіктілерді құрықтау операциясына қатысқан. Александр Истомин снайперлік бақылауда болған. Қылмыскерлерді ұстау кезінде ауыр жарақат алып, көз жұмған. 
Бірнеше жыл бұрын Абай қаласында Александр Истомин тұрған Карл Маркс көшесінің бойындағы үйге ескерткіш тақтайша орнатылды. 

Соңғы жаңалықтар