Қарағандыда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жаңа жоба енгізіледі

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді. Сапардың мақсаты Қарағандыда еліміз бойынша алғашқы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілдің «пилоттық» жобасын енгізу болып табылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл тәсілдің жаңалығы - жергілікті қоғамдастық пен барлық билік органдарын құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне тарту», - деп хабарлады министрдің орынбасары Алексей Калайчиди.

Аталмыш жобаны іске қоспас бұрын ол Қарағанды өңіріндегі тәртіп сақтау бағытындағы жұмыстармен танысып шықты.

Бірінші кезекте полиция департаментінің фронт-кеңсесіне барып, келушілермен әңгімелесті. Қарағанды облысы ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Құрманғали Ысмағұлов қаладағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша өңірлік полицейлер қабылдаған шаралар туралы баяндады.

Сондай-ақ Калайчиди жедел басқару орталығынн көрді. Қазіргі таңда қала бойынша 4820 бейнебақылау камерасы орнатылған.

Бұдан кейін министрдің орынбасары 130 баланы аман алып қалу жолында өз өмірін қиған полиция батыры Қайрат Жұмабековтің отбасына барып, оның туыстарымен кездесті.

«Біз ешқашан қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан әріптестерімізді ұмытпаймыз. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері қызметтік борышын орындау кезінде республикада 700-ден астам полицей, оның ішінде Қарағанды облысында 31 қызметкер қаза тапты. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің басшылығы қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына көңіл бөледі. Көмек пен қолдау көрсетіледі», - деп атап өтті полиция полковнигі А. Калайчиди.

Соңғы жаңалықтар