Қарағандыда «Қасқырлар ұясы» бандасы туралы фильм түсіріліп жатыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - НТВ ресейлік  телеарнасындағы танымал «Следствие вели... с Леонидом Каневским» бағдарламасының түсіру тобы кеңес дәуіріндегі атышулы іс туралы айтылатын кезекті сериясын түсіру үшін Қарағандыға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

НТВ телеарнасындағы «Следствие вели... с Леонидом Каневским» бағдарламасының журналисі Олег Налимов Қарағандыға келіп, 80-жылдары такси жүргізушілерінің өлімі туралы атышулы қылмыстық іс жайлы түсіреді.

Оның айтуынша, бағдарламаның басты мақсаты - 40 жыл бұрын болған оқиғалар туралы баяндау. Журналист ІІД музейінде, ІІБ ардагерлер кеңесіне барып, тарихи құжаттармен танысты.

«Николай Волченко бастаған қарулы қылмыскерлер бандасы бірнеше ай бойы Қарағандыда лаңкестік жасаған. Оларды «қасқырлар ұясы» деп атаған. Оларды ұстау үшін ІІБ мен ішкі әскердің барлық күштері мен құрылымдары жұмылдырылған еді», - деп еске түсірді сол кездері Ленин ауданының прокуроры болған Виктор Журавлев.

Олег Наимов қызығушылық танытқан қылмыстық іс - Қарағандыда бірнеше адамды өлтірген бандалар тобы туралы. Ол 1981 жылы болған. Аса ауыр қылмысты ашуға Виктор Журавлев, Виктор Горецкий, Юрий Гаврилов, Амантай Нұрмағанбетов және Анатолий Ковалев тартылған.

Түсірілім Қарағанды облыстық ІІД басшылығының қолдауымен жүріп жатыр.

«Бұл қалада резонанс тудырды. Облыстық сот 1981 жылы қарашада өтті. 19 эпизод қаралды. Процесс ашық болды. Нина Стрижакова 15 жылға бас бостандығынан айырылды, қалған үш қылмыскер ату жазасына кесілді», - деді сол кездері Қарағанды облыстық ІІБ штаб бастығының міндетін атқарушы болған Виктор Горецкий. 

Соңғы жаңалықтар