Қарағандыда кардиоқызмет мониторингі орталығы ашылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда елімізде теңдесі жоқ кардиологиялық қызметті үйлестіру мен оның онлайн-мониторингінің ситуациялық орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін аталмыш жоба Қарағанды қаласының кардиохирургиялық клиникасына іске қосылды. Өңірдің штаттан тыс бас кардиологы Назира Базарова облыс әкімі қатысқан маңызды медицина нысанының ашылу рәсімінде ситуациялық орталықтың ауылдағы науқастарға көрсетілетін мамандандырылған көмекті жетілдіруге ықпал ететінін айтты.

«8 миллион теңгеге 15 электрокардиограмма телеметрикалық аппараттары алынды. Олардың барлығы Приозерск мен Қаражал қалаларына және аудандарға сондай-ақ ауылдағы амбулаторияларға бөлініп берілді. Өйткені шалғай аймақтарда кардиолог дәрігерлер жетіспейді. Препараттардың әрқайсысы онлайн режимінде алыстағы ауылдан ситуациялық орталыққа жіберіліп отырады. Онад бліктілігі жоғары мамандар науқастың диагнозын анықтап, тиімді ем қабылдау шаралары бойынша кеңес береді. Ситуациялық орталық жалпы кардиологиялық қызметті үйлестіру мен оны мониторингілеу мақсатын көздейді»,-деді деп түсіндірді жаңа қызмет орталығының жұмысын Назира Базарова.

Жоба кадрлар тапшылығын сезініп отырған шалғайдағы аймақтарға көмек көрсетуге бағытталған. Кардиограммаларды онлайн түрінде жіберу мүмкіндігінің арқасында жүрек-қантамырлар ауруымен науқастанған азаматтарға дер кезінде медициналық көмек көрсетілетін болады.

«Жұмыстың тиімділігі жүрек және қантамыр ауруларымен науқастанған пациенттерді уақытынан кеш жіберу жағдайларының алдын алудың арқасында жетілдіріле түсетін болады. Өз кезегінде ол хирургиялық шараларсыз емдеуге мүмкіндік тудырады».-деді Назира Базарова.

Соңғы жаңалықтар