Қарағандыда карантин шектеулерін бұзған екі ер адам қамауға алынуы мүмкін

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда карантин талаптарын бұзып, оқиға орнына келген мобильдік топ мүшелеріне қарсылық танытқандар әкімшілік жауапқа тартылады.

Екі ер адам бес тәулікке қамалып немесе 20 ЕАК көлемінде айыппұл төлеуі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

8 тамыз күні «109» телефонына Ш.Жандарбеков көшесінде орналасқан коттедждердің бірінде мерекелік іс-шара болып жатқандығы туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына құрамында полиция, әкімшілік және СЭС қызметкерлері бар мобильдік топ мүшелері шықты. Карантин талаптарын бұзу бойынша хаттама толтыру кезінде 50 жастағы үй иесімен оның 54 жастағы ағасы мобильдік топ мүшелеріне қарсылық танытқан.

«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 667 бабы бойынша хаттама толтырылды. Аталған бап бойынша құқық бұзушыларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып немесе бес тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған. Материал сотқа жолданды», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар