+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қарағандыда карантин кезінде жұмыс істеген компьютер клубы анықталды

2020 жылғы 11 шілде 13:31
Бөлісіңіз:
Қарағандыда карантин кезінде жұмыс істеген компьютер клубы анықталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Ереже бұзу фактілері эпиджағдайды қадағалау үшін құрылған арнайы мобильді топтардың жасаған рейді барысында анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Карантин режимі: 17 тамыздан бастап қандай өзгерістер болады ҚР Бас санитарлық дәрігері демалыс күндергі шектеулерді түсіндірді Елімізде аттракционның жұмыс істеуіне рұқсат етіледі

Мобильді топтардың жұмысын үйлестіруді өңірлік жедел штабтың жедел әрекет ету орталығы жүргізеді.

Мысалы, тәртіп бұзушылар арасында Қарағандының танымал компьютер клубының бірі болды. Мекеменің есіктері клиенттер үшін ашық болған. Бұл мекеме карантин кезеңінде компьютерлік және караоке клубтарының қызметіне тыйым салынғанына қарамастан жұмыс істеп тұрған. Бөлмеде 70-ке жуық адам, оның ішінде кәмелетке толмаған балалар болған.

Клуб басшылығы шамамен 640 мың теңге (230 АЕК) көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін. Келушілерді жауапкершілікке тартпайды.

СЭҚ өкілдері карантин кезінде қызметіне тыйым салынған ойын-сауық орындары мен түрлі клубтарға барғанда жастар өз денсаулығына ғана емес, жақындарының денсаулығына да қауіп төндіретінін еске салады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT