Қарағандыда қар тазалайтын көліктің жүргізушісі ер адамның мәйітін тауып алды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Қарағанды қаласынан «Сарыарқа» әуежайына баратын жолда 65-жасар ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

28 қаңтарда таңертең әуежайдан Қарағандыға баратын жолда 65 жастағы ер адам көз жұмды. Бұл туралы полицияға және жедел жәрдем қызметіне қар тазалайтын көліктің жүргізушісі хабарлаған.

«Оқиға туралы хабарлама бізге сағат 10.45-те қар жинайтын техника жүргізушісінен келіп түсті. Жолда қар құрсауында тұрып қалған Hyundai автокөлігінің 65 жасар жүргізушісі темір тұлпарын қардан алып шыққан соң, көлігінен шығып, оқиға орнында көз жұмған. Ол машинадан шыққан бетте өзін нашар сезініп, сол жерде ес-түссіз құлап түскен. Азаматтың өлімінің себебін сарапшылар анықтайды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар