+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Қарағандыда қандастар арасында баскетболдан халықаралық турнир өтті

2019 жылғы 4 желтоқсан 14:20
Бөлісіңіз:
Қарағандыда қандастар арасында баскетболдан халықаралық турнир өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және «Ата жұрт» Республикалық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жастар жылы» аясында баскетболдан ерлер арасында «Достық» турнирі өтті, деп хабарлайды Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Конькимен жүгіруден әлем кубогында Қазақстан командасы үздік үштікке енді Жамбылда биыл 170-тен астам спорт алаңшасы салынуда Оралда дзюдодан Оралбек Қожагелдинді еске алуға арналған республикалық турнир өтуде

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ұйымдастырылған халықаралық спорттық іс-шараға барлығы 18 команда қатысты. Оның алтауы — ардагерлер командасы.

Жастармен ардагерлердің ойыны екі бөлек өтті. Ардагерлердің ішінде 1 орынға Нұр-Сұлтан қаласының командасы шығып, 100 мың теңге жеңіп алды. 2 орынды Қарағанды қаласының «Оқжетбес» командасы иеленіп, 70 мың теңге ұтып алды. Алматы қаласының командасы үшінші орын еншілеп, 50 мың теңгемен марапатталды.

Сонымен қатар, жастарымыздың арасында өткен дүбірлі додада Шахтинск қаласының «Достар team» командасы үздік ойын көрсетіп, кубок, алтын медальмен қоса 100 мың теңгені қанжығасына байлады. 2 орында Павлодар қаласынан келген «Достар» командасы, олар кіші кубок және күміс медаль, сондай-ақ 70 мың теңгені еншіледі. Нұр-Сұлтан қаласынан келген «Нұр Баскет» командасы үшінші орынды иеленіп, кіші кубок, қола медаль және 50 мың теңгені еншіледі. Және де спорттық шараға қатысқан барлық командаларға ақшалай қаржы мен марапаттар табысталды.


Қарағанды қаласының «Достар team» командасының ойыншысы Аманжол Тілеубекұлы баскетболдан өткізілген іс шара бұған дейін Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында өткізілгенін және де бұл жарыс алдыңғы өткен жарыстардан қарағанда әлдеқайда ауқымы кеңейтіліп жоғары деңгейде өткізіліп жатқанын айта кетті.

Бұл жарыстың өтуіне Қарағандының барша жаны жомарт, көңілі мәрт азаматтары атсалысып, қаржылай көмек көрсетті.

Турнирдің аясында қандастарымыздың атамекенге келіп оқуына үлкен үлес қосқан, халқына еңбегі сіңген, жақында өмірден өткен Еркін Ақтышқан атындағы марапат және ақшалай сыйлық студенттер арасында жоғары деңгейде ойын көрсеткені үшін Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті Ардабек Мерекебекұлына табысталды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қарағанды облысы, Спорт,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT