Қарағандыда КамАЗ жүргізушісі велосипед мінген 8 жасар қызды қағып кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды-Теміртау тасжолында «КамАЗ» жүргізушісі тыйым салынған жерде велосипед теуіп бара жатқан сегіз жасар қызды қағып кетіп, мерт қылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияровтың хабарлауынша, оқиға Теміртаудың сырт жағында, 15-магистральда болған. Бүлдіршін қыз тыйым салынған жерде жолдың үстімен кетіп бара жатады. Оның бағытымен келе жатқан «КамАЗ» жүргізушісі қызды қағып кетіп, мерт қылды.

«Қыз тыйым салынған жерде жолды кесіп өтіп бара жатқан. Көлікті 47 жастағы ер адам жүргізген. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды»»,-деді баспасөз қызметінің басшысы.

Соңғы жаңалықтар