+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Қарағандыда қамаудағы азаматтарды қоғамға бейімдейтін бағдарлама енгізілмек

2019 жылғы 2 қараша 06:46
Бөлісіңіз:
Қарағандыда қамаудағы азаматтарды қоғамға бейімдейтін бағдарлама енгізілмек

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысына ҚР-дағы Еуроодақ Елшісі Свен-Олов Карлссон, Қазақстандағы Нидерланды Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Андре Карстенс, Орталық Азиядағы БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (ЕҚБ) аймақтық өкілі Ашита Миттал келді. Бұл делегация қамаудағыларды әлеуметтік реинтеграциялау жөніндегі бірлескен бастаманы іске асыруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада кәмелетке толмаған балалар тергеу изоляторын аралады Жазасын өтеп шыққандардың қылмысқа қайта баруы азайды Павлодарлық әйел есірткіні ысқыштың ішіне салып, түрмеге кіргізбек болды

Пилоттық жобаға екі қарағандылық колония кірді: Қарабастағы ер адамдар түрмесі және Коксундағы әйелдер түрмесі.

Делегацияны Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қабылдады. Аталмыш кездесуден соң мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор өкілдерінің қатысуымен Сараптамалық кеңес өтті.

«Қарағанды - Қазақстанның ең үлкен аймақтарының бірі. Ол бүкіл ел аумағының 17%-ын алады. Облыста пенитенциарлық мекемелер көп. Бұл жағдай бұрыннан қалыптасқан. Сіздердің бастап келіп отырған миссияларыңыз біз үшін өте маңызды. Босатылғаннан кейін сотталғандардың әлеуметтік реинтеграциясы – бұл басым бағыттардың бірі. Біз үшін сіздердің тәжірибелеріңіз құнды», - деді Жеңіс Қасымбек.

Аймақ басшысы билік бірлескен бастаманы жүзеге асыруға қажетті көмек көрсететініне сендірді. Бағдарламаны ЕО, БҰҰ Терроризмге қарсы орталығы және Нидерланды Үкіметі қаржыландырады. Экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстары үшін сотталғандармен жұмыс істеуге, қамаудағылардың радикалдануының алдын алуға баса назар аударылатын болады.

Свен-Олов Карлссон мырза мүдделі тараптар арасында, оның ішінде мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам ұйымдарын тығыз үйлестіру қажеттігін атап өтті. ЕО Елшісі облыс басшылығына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

«Пенитенциарлық мекемелердегі радикалдану біз үшін үлкен мәселе болып табылады. Жаһандық проблеманы шешуде дайын рецепт жоқ, сондықтан тәжірибе алмасу маңызды. Бұл адамдарды қоғамға қайта оралуға қалай дайындау керектігін түсіну керек», - деп атап өтті Свен-Олов Карлссон мырза.

Кеңесте түрмелердегі оңалту және бостандыққа шыққан азаматтарды әлеуметтік бейімдеу бағдарламалары талқыланды.

Ашита Миттал мырзаның айтуынша, бағдарламаның іске асырылу барысын бағалау үшін далалық миссия ұйымдастырылады.

«Қазақстан ЕО, БҰҰ және Нидерландының бірлескен бастамашылығына енген үш бенефициардың бірі болып таңдалды. Мемлекеттік органдармен кеңескеннен кейін Қарағанды облысында екі пилоттық мекеме анықталды. Біз оларды аралап, сотталғандарды ұстау шарттарын көріп, қызметкерлермен кездесіп, бас бостандығын айырылған азаматтармен тілдестік. Біздің мақсатымыз – іс-қимыл жоспарын жасау. Іс-шаралар төрт негізгі блоктарға бағытталатын болады. Бұл - қауіпсіздік, қауіп-қатер мен қажеттіліктерді бағалау, оңалту бағдарламалары, босатылғаннан кейін әлеуметтік бейімдеу мәселелері», - деді БҰҰ ЕҚБ бағдарламасының жетекшісі Вера Ткаченко.

Оның айтуынша, түзету мекемелері қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға көп көңіл бөлінеді. Жобаға қатысу үшін психологтарды, әлеуметтік қызметкерлерді, теологтарды, үкіметтік емес ұйымдарды тартады.

2018 жылдың желтоқсанында Қазақстан алғашқылардың бірі болып «Экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстары үшін сотталғандармен жұмысты ұйымдастыруда және пенитенциарлық мекемелерде қамаудағылардың радикалдануының алдын алуда күш-жігерді қолдау» жаһандық бағдарламасына қосылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT