Қарағандыда қаланың кәріз жүйесінен шыққан жағымсыз иіс тұрғындарды алаңдатып отыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда қаланың кәріз жүйесінен шыққан жағымсыз иіс тұрғындардың наразылығын тудырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпарат агенттігі таратқан мәліметтерге қарағанда, редакцияға 15 шағын аудан тұрғыны Екатерина Мурунова шағым айтып, соңғы жылдары кәріз жүйесінің жағымсыз иісімен тыныстауларына тура келгендігін жеткізген.

«Сасық иістің салдарынан қазір қалада тыныс алу мүмкін болмай барады. Біз тіпті терезені ашып желдетуді де қойдық»,-дейді Екатерина Мурунова.

«Біздің үйіміздің айналасынан орталық кәріз жүйесі өтеді. Онда қалдықтар келіп құйылатын құдықтар орналасқан. «Қарағанды су» ЖШС өкілдері иіс шығатын жерлерді бетондады да жөндеу жұмыстарын да жүргізді. Бірақ одан еш нәтиже шықпады. Иіс әлі шығып тұр, ол тіпті 16 шағын ауданға жеткен кездің өзінде мүңкіп тұр. «Барыс» тұрғын үй коммуналдық шарушылық қызметінің төрағасы өзінің барлық құзырлы органдарда болып қайтқандығын, алайда оны еш жерде қабылдамайтынын айтты. Біз енді кімге барып, мұңымызды шағарымызды білмей отырмыз. Ал мұнда өмір сүру енді мүмкін емес»,-дейді тұрғын.

«Қарағанды Су» ЖШС-ның өкілдері 15 шағын аудандағы № 16 үй жанынан өтетін кәріз коллекторына тексеру жүргізілді»,-деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, коллектор дұрыс жұмыс істеп тұр. Коллектордағы құдықтардың қақпақтары ауыстырылды.

Соңғы жаңалықтар