Қарағандыда із-түзсіз жоғалып кеткен 23 жасар жігіттің денесі өзеннен табылды

None
None

«9 қараша күні кешкі сағат 9-00-дер шамасында немере інім ата-анасы тұратын үйдің ауласындағы дәретханаға шығып кетті. Жәнібек дәретханаға ылғи өзі баратын да ұзамай қайтып келетін»,-деді жоғалып кеткен Жәнібек Солтанбайдың туысқан ағасы Бақыт Солтанбай.

Жәнібек 15 минуттан соң үйге оралмаған соң, үйдегілердің барлығы алаңдай бастаған. Оның үстіне ауыл тұрғындарының бірі келіп, Жәнібекті жол бойынан көргендігін айтқан. Жігітті бүкіл ауыл болып іздеген. Сенбі, 11 қараша күні Жәнібек Солтанбайдың мәйіті Сарепті өзенінен табылған.

«Жәнібек Сарепті өзенінен табылды. Өзеннің жағалауына мұз қатқанымен орта тұсында мұз болған жоқ»,-дейді Бақыт Солтанбай.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жас жігіт өзенге өзі барып суға батып кеткен.

Соңғы жаңалықтар