Қарағандыда ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге облыс әкімінің гранттары табысталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласының әкімдігінде 21 жас кәсіпкерге облыс басшысының гранттары табысталды. Олардың әрқайсысының сомасы миллион теңге, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақша сертификатының иегері Нұрғазы Алмазбек құм ағынды аппараттың көмегімен металды ластанудан тазартуға ниетті. Техниканы кәстрөлдерді,

қазандарды және басқа ыдыстарды тазарту үшін де қолдануға болады.

«Құм бүріккіш оны қатты ластанған металдарды бояудан және т.б. тазарту үшін пайдаланады. Кәстрөлдер мен қазандарды тазарту үшін де қолданылады. Олар

тазарып, жаңа сияқты болады. Мен өзім Қарағанды құю машина жасау зауытында жұмыс істеймін, бізде өндірісте осындай аппарат бар. Сондықтан мен оны сатып алуға және өз ісімді ашуға шешім қабылдадым. Жабдық 1 миллион 200 мың теңге тұрады. Мобильді қызмет құруды жоспарлап отырмын, яғни осы аппаратпен аудандар мен қалаларға барып, қызмет көрсететін боламыз», – дейді грант иегері Нұрғазы Алмазбек.

Естеріңізге сала кетейік, биыл гранттарды тағайындау конкурсына 306 бизнес-идея келіп түсті. Комиссияның шешімі бойынша 59 қаладан және 41 ауданнан неғұрлым әлеуетті деген 100 жоба айқындалды.


Соңғы жаңалықтар