Қарағандыда ішкі істер органдарына 135 жылдық тарихы бар қару тапсырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының тұрғыны полицияға 135 жылдық тарихы бар аңшы мылтығын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД сілтеме жасап.

Қару тапсыру акциясының аясында 40 жастағы қала тұрғыны 20 калибрлік жалғыз ұңғылы «Бердан» аңшы мылтығы атасынан қалғанын айтқан. 1884 жылы шығарылған мылтықтар жүйесі ел арасында «берданка» аталады.

135 жыл өтсе де қару конструкциясы сол қалпында сақталған, алайда атуға жарамсыз. Мылтықтың сүбесі мен дүмі толықтай алма ағашынан жасалған. Өткізілген жәдігерді полицейлер музейге тапсырамыз деп отыр.


«Берданканы» өкен ғасырдағы азамат соғысы мен І және ІІ дүниежүзлік соғыстарға жаяу әскердің атқыштар бөлімі қолданғанын айта кету керек.

Соңғы жаңалықтар