Қарағандыда хабар-ошарсыз кеткен екі бала аман-есен табылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда бірі төрт, бірі он жастағы екі бала жоғалып, бір тәуліктен соң табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицейлердің айтуынша, 6 қыркүйек күні Қарағанды қаласының ІІБ Киров полиция бөліміне 24 жастағы қала тұрғыны хабарласып, 4 жасар ұлы мен туысының 10 жастағы қызы жоғалғанын айтқан.

Киров ПБ қылмыстық полиция қызметкерлерінің күш салуымен балалар бір күннен соң табылды.

«Балалар 7 қыркүйек күні 16:00-де Металлистер көшесіндегі «Молодежное» мәдениет үйінің маңынан табылды. Олар кластас қызымен ойнап жүріп, соның үйінде қонып қалған», - дейді ведомство өкілдері.

Соңғы жаңалықтар