Қарағандыда газ баллоны жарылып, 2 адам ауруханаға түсті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда газ баллоны жарылды. Салдарынан 4 пәтер зардап шекті, екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін, 21 қаңтар күні сағат 18:51-де Қарағанды қаласындағы Щорс көшесі, 37-үйде болды.

«Екі қабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылды (көлемі 5 л). Өрт болған жоқ. Жарылыс салдарынан №6 (2-ші қабатта) және ішінара №4, 5 (2-қабатта) және 3 (1-қабатта) пәтерлерде ағаш қабырғалар қирап, алдын ала болжам бойынша үйдің 36 шаршы метр алаңы бүлінді», - деп хабарлайды Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Жарылыс салдарынан 53 жастағы ер адам мен 54 жастағы әйел зардап шекті. Олар күйік жарақаттармен Қарағанды қаласындағы облыстық медицина орталығына жатқызылды.

Оқиға орнында облыстық ТЖД-нің 36 қызметкері және 8 техникасы жұмыс істеп жатыр.

Қала әкімдігі баспаналары бүлінген тұрғындарға жатақханадан орындар ұсынды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.




Соңғы жаңалықтар