+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

Қарағандыда ғарыштық мониторингте анықталған 12 рұқсатсыз қоқыс тастайтын жер жойылады

2019 жылғы 27 шілде 14:58
Бөлісіңіз:
Қарағандыда ғарыштық мониторингте анықталған 12 рұқсатсыз қоқыс тастайтын жер жойылады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі және өңірдің 20 мыңнан астам тұрғыны «Бірге - таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да қандала қаптап кетті. Мамандар не дейді Алматыда екі дәмхана иесі лас суды Үлкен Алматы өзеніне ағызып отырған Қазақстанда жаңа экологиялық партия құрылады

Бүкіл ел бойынша ашылған эко-челленджге Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов та қолдау көрсетті. Өңір басшысының бастамасымен жаппай экологиялық сенбілік барлық қалалар мен аудандарда өтті. Ауқымды тазалық шарасына шенеуніктер, депутаттар, бизнесмендер, еріктілер мен қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын азаматтар шықты.


Ерлан Қошанов челлендждің қоғамды біріктіруге және әртүрлі идеяларды ілгері тартуға септігін тигізетін бейресми тәсілі екенін атап өтті.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Руслан Төлепбаевтың айтуынша, тек Қарағандыда ғана акцияға шамамен 7 000 адам қатысып, 4 тонна қоқыс шығарылған. Облыс қалалары мен аудандарында су қоймалары мен жол бойындағы аумақтар қоқыстан тазартылды, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлері жойылады. Бұл жұмысқа облыс бойынша барлығы 20 мыңнан астам адам қатысты.

«Облыс орталығында экологиялық сенбілік алты нысанда өтеді. Федоров су қоймасының жағалауы, Кіші Бұқпа өзенінің арнасы, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына іргелес аумақ ретке келтірілетін болады. Сондай-ақ тазарту жұмыстары мемлекеттік орман қоры аумағында жүргізіледі. Бұдан басқа, «Ғарыш сапары» бағдарламасы бойынша ғарыштық мониторинг көмегімен анықталған 12 рұқсат етілмеген қоқыс орны жойылады. Осындай акциялар облыстың барлық қалалары мен аудандарында өтеді. Самарқанд, Кеңгір су қоймалары, Балқаш көлі, он өзен арнасы тазартылады», - деді ол.


«Қоғамдық тазалықшылар десанты Федоров су қоймасының қалалық жағажайына барды. Жазғы ыстықта қала тұрғындары бұл орынға көптеп жиналады, демалушылар көбінесе қоқыстарын тастап кетеді. Көктемгі сенбіліктер кезінде жағалаудан 53 жүк көлікпен қоқыс шығарылды, ал жаз басталғаннен бері ай сайын бұл маңнан 10 жүк көлігі толы қалдық жиналады», деді Қазыбек би атындағы аудан әкімі Татьяна Шатохина.


«Менің ойымша, мұндай акциялар бір күн ғана жасалып, ұмытылып қалатын шара емес. Міндетті түрде қандай да бір ізін қалдырады. Өкінішке орай, бізде әлі де адамдарға экологиялық мәдениетті баулып, тәрбиелеу керек – ұзақ уақыт бойы халық табиғатқа, тазалыққа және тәртіпке бейжай қарап келді. Ал қазір біз осының бәрі біздің мекен етіп отырған жеріміз екенін түсініп, қоршаған ортаны қорғау үшін қолдан келгенді жасауымыз керек. Бүгін мен темекі тұқылдарын жинадым, бірақ олардың барлығын жинау мүмкін емес. Бұл мен үшін қиын емес. Егер менің біреудің соңынан қоқысын жинап жатқанымды көрер болса, ол адам келесі жолы қоқысты лақтырмас бұрын ойланады, темекісін жерге тастамайтын болады. Осының барлығы жай ғана бір нәрсе істедім деп мақтану үшін емес. Біртіндеп адамдар тазалыққа осылай үйренеді», - деп есептейді экосенбілікке қатысушысы, Қарағанды облысының құрылысшылар қауымдастығының директоры Найля Қайырбекова.

Естеріңізге сала кетейік, #Birge #TazaQazaqstan экологиялық сенбіліктері бүкіл еліміз бойынша өтуде. Акцияны Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин мен министрлер кабинетінің мүшелері қолдады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT