+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Қарағандыда ғарыштық мониторинг 400-ден астам заңсыз қоқыс үйіндісін анықтады

2021 жылғы 15 шілде 10:30
Бөлісіңіз:
Қарағандыда ғарыштық мониторинг 400-ден астам заңсыз қоқыс үйіндісін анықтады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында қоқыс тастайтын жерлерді санитарлық тазалау және жою жұмыстары жалғасуда. Өңірде ғарыштық мониторингтің көмегімен биыл қоқысты рұқсатсыз жинаудың 402 учаскесі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Жерді қашықтан зондтау және рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді ғарыштық түсіру 2018 жылдан бастап жүргізілуде.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Қарағанды облысы бойынша деректеріне сәйкес, өңірде 2021 жылдың алғашқы алты айында 402 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталған.

Оның басым бөлігі Қарағанды, Бұқар жырау, Осакаров және Қарқаралы аудандарында орналасқан.

Жергілікті атқарушы органдар 86 заңсыз қоқыс орнын жойды.

Сондай-ақ, биыл Экология министрлігінің жедел желісіне апатты полигондарға қатысты 23 шағым түсті.

Оның 17-сі жойылды, алтауында әлі де жұмыс жалғасуда.

«Қарағанды облысында қоқыс тастайтын жерлерді тазарту айлығы өтіп жатыр. Рұқсат етілмеген қоқыс орындарын анықтау және жою жұмысы аясында 13 шілде күні жолға шықтық. Қалдықтарды белгіленбеген жерге тастау фактілері анықталған жоқ. Сапар жергілікті полиция қызметі өкілдерінің қатысуымен өтті. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыс жалғасады», – деп атап өтті Қарағанды облысының экология департаменті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT