Қарағандыда гараждар маңынан табылған бүлдіршіннің ата-анасы бір жылдан бері іздестірілуде (ФОТО, ВИДЕО)

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының полициясы бір жылдан астам уақыт бұрын гараждар орын тепкен аумақтан табылған баланың ата-анасын әлі іздеуде, деп хабарлады аймақтық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

«Полиция 2013 жылдың қыркүйегінде Қарағандының 16-шы шағынауданындағы гараж массивтерінің бірінен табылған баланың туыстарын іздеу жұмыстарын жалғастыруда. Тұспалдау, іздеу жұмыстары, тұрғындардан сұрастыруға қарамастан, бұл баланың тағдырына алаңдаушылық білдірген туыстары әлі табылмады», - деді ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Бүлдіршін Теміртаудағы кәмелеттік жасқа толмағандардың орталығына тапсырылды. Шамамен 2-3 жастағы бала тіпті есімін де айта алмаған. Орталықта оған Артем Русаков есімі беріліп, туған күнін жасына шамалап жазып, туу туралы куәлігін рәсімдеді. Қазіргі уақытта баланың әлеуметтік мәртебесін анықтау және оны ата-ана қамқорлығынсыз қалып, мемлекет тарапынан көмекке мұқтаж адам ретінде балаларға арналған мемлекеттік мекемеге орналастыру мәселесі шешілуде. Тәртіп сақшылары азаматтарға тағы да бұл баланың ата-анасын іздеуге көмектесу туралы өтініш білдіреді. «Баланың тағдыры жайлы ақпарат бере алатын барлық азаматтардан 463011, 463062, 463001,463002,407892,407893 телефон нөмірлеріне немесе Қарағанды қаласы, Архитектурная көшесі, 1а мекенжайында орналасқан Қарағанды қалалық ІІБ-ның Октябрь аудандық полиция бөліміне хабарласуларыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар