Қарағандыда ескі техниканы тапсырып, ақша алуға да болады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында ескірген техниканы тастайтын арнайы контейнерлер пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Электроника құралдарына арналған контейнерлер Қарағанды, Шахтинск, Саран және Абай қалаларында орнатылды. Жұмыс істемейтін техниканы «Промотход Қазақстан» ЖШС пайдаға жаратумен айналысады. Қабылдау орындары жабдықталғалы 3 ай аралығында компания 100 тоннадан астам ескі техниканы жинап, қайта өңдеуге жіберген екен. Бұл контейнерлерге істен шыққан шағын көлемді техниканы, мысалы ноутбук, фотоаппарат немесе электр құралдарын лақтыруға болады. Егер техника тоңазытқыш немесе теледидар секілді көлемі үлкен болса, онда компания өкілдері оларды үйден өздері келіп, алып кетеді.

«Телефон арқылы қоңырау шалса болғаны, біздің оператор ірі техниканы шығаруға өтінім қабылдайды. Белгіленген күні жүк тиеушілері бар көлік келіп, қажеті жоқ ескі техниканы шығарып алып кетеді», - дейді «Промотxод Қазақстан» ЖШС Электроника және электр жабдықтары қалдықтарын жинау жөніндегі жетекші Карина Бенцель.

Контейнерлерден алынатын ескі техника компанияның арнайы зауытына жеткізіледі. Ол жерде цехтарда бөлшектеу жұмыстары арқарылады. Қара және түсті металдар, пластик, шыны және зиянды заттар бөлінеді. Улы қалдықтар, мысалы, сынап дереу тазартылады және зарарсыздандырады.

«Қоршаған ортаны қорғаудан басқа, біз ескі техникаға жаңа өмір береміз. Мысалы, пластикті біз ұсақтаймыз және қайта өңделген материалдардан жасалған бұйымдар өндірумен айналысатын компанияларға жібереміз. Теледидар корпусы пластикалық терезелерге арналған жақсы фурнитура болуы мүмкін», - деді «Промотход Қазақстан» ЖШС директорының орынбасары Алексей Петров

Ескі техниканы тапсырып, ақша алуға да болады. Алайда ол үшін қалдықтарды жинау пункттеріне өзіңіз баруыңыз керек. Тозған құралдардың әр келісі үшін сізге 20 теңге төленеді.

Қалдықтарды жинау компаниясы ескі электроника тастауға арналған контейнерлерді ірі сауда үйлерінің жанында да орнатуға дайын. Ол үшін ғимарат иелеріне компанияға өтініш беру керек. Мамандар арнайы алаңды тегін жабдықтап, бокстар орнатып береді.

Соңғы жаңалықтар