Қарағандыда еріктілер ҰОС ардагерлеріне азық-түлік себетін сыйлады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Отан қорғаушылар күні Қарағандыда ҰОС ардагерлеріне және 1 500 мұқтаж отбасына көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандылық еріктілер мұқтаж отбасыларға азық-түлік жиынтығын, гигиена құралдарын таратады. Сондай-ақ ҰОС ардагерлеріне мерекеге орай жеміс себеттерін беріп, құттықтайды.

«Мамыр мерекелеріне орай Saryarqa Jastary еріктілері облыстық штабының қолдауымен, сондай-ақ «Халық» қайырымдылық қорының демеуімен Қарағандыға гуманитарлық жүктің үш түрі келді. Бүгін біз оларды тарата бастадық. Осы акция аясында біз Қарағандының 1 500 тұрмысы төмен отбасына көмек көрсетеміз», - дейді Saryarqa Jastary облыстық штабының еріктісі Сымбат Әубакірова.


Акция үш күн өтеді. Оған 60-тан астам ерікті қатысты.

Әрбір отбасы 25 килограмм азық-түлік пен 25 килограмм гигиеналық құралдар алады. Жинақтар қораптарға оралған.

«1 500 отбасына арналған осындай ауқымды акция бізде алғаш рет өтуде. Оның бастамашысы мен демеушісі - алматылық «Халық» қоры», - дейді қалалық жастар ресурстық орталығы жанындағы Қарағанды еріктілер штабының үйлестірушісі Алена Фрибус.

Сондай-ақ, 7 және 9 мамырда Saryarqa Jastary облыстық штабының волонтерлері ардагерлерді құттықтайды.

«9 регион» таксиі мен «Қостанайшинсервис» фирмасының қолдауымен біз қаламыздың 32 ардагерін құттықтаймыз. Оларға жеміс себеттерін, азық-түлік жиынтығын және гигиена құралдарын сыйлаймыз. Бұл акция екі күн - 7 мамыр мен 9 мамыр аралығында өтеді. Бүгін, 7 мамырда, біз Октябрь ауданында 12 ардагерді, ал 9 мамырда Қазыбек би атындағы ауданда 20 ардагерді барып құттықтаймыз», - деді Сымбат Әубәкірова.



Соңғы жаңалықтар