Қарағандыда еріктілер орталығы құрылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Достық үйінде еріктілер орталығын ашу жоспарлануда. Қайырымдылық қызметіне кез келген адам қатыса алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Волонтерлер төрт бағыт бойынша жұмыс істейді. Біріншісі – «Бірлік» - әлеуметтік. Бұл қоғамдық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу, мұқтаждарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, дүлей зілзалалар мен апаттардың құрбандарына көмек көрсету, тарихи ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру және т.б.
«Білім» - білім беру бағыты. Ол әр түрлі пәндер бойынша тегін сабақтар ұйымдастыруды, Достық үйі жанындағы тілдерді оқытуды, жетекші мамандардан бизнес-тренингтер ұйымдастыруды, мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау бойынша жұмысты, талапкерлерге ЖОО-ға түсу кезінде көмек көрсетуді, тәлімгерлік институтын танымал етуді және т.б. қамтитын болады.
«Тәрбие» спорттық бағыты аясында еріктілер спорттық-патриоттық іс-шараларды ұйымдастырады.
«Келісім» бағыты медиацияға қатысты. Ол даулар мен қоғамдық-әлеуметтік міндеттерді шешуге көмектеседі.
Әр бағыт бойынша үйлестірушілер таңдалды. Әлеуметтік салаға «Жарасым» ҚХА жастар ұйымының жетекшісі, «Жәңгір жолы» ҚХА жастар қозғалысы төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Тимур Жұмырбаев жетекшілік ететін болады.
Білім беру бағытына «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ комплаенс-офицері, «Дакия» румын мәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жастар қанатының жетекшісі Александр Урмашов жауап береді.
Спорттық бағытқа «Қазақстан ұйғыр жастары одағы» РҚБ төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Рустам Қайрыев жауапты болмақ.
Медиация бағытының үйлестірушісі – Әсел Сайлаубай, кәсіби медиатор, «Qorgau» халықаралық медиация және келіссөздер академиясының президенті.
Жасына, жынысына және қызмет түріне қарамастан кез келген адам ерікті бола алады. Ол үшін өтінімді [email protected] электрондық мекенжайға жіберу қажет. Жұмыспен қамту кестесін еріктілердің өзі таңдайды.
Еріктілер орталығының жұмысы туралы толық ақпаратты Достық үйінде алуға болады. 17 қаңтарда мұнда ашық есік күні өтеді.
Осындай волонтерлік орталықтар қазір бүкіл ел бойынша Достық үйлері жанынан құрылуда. Олардың барлығы Қазақстан халқы Ассамблеясының жалпы республикалық бірыңғай жүйесіне енгізілетін болады. Мұндай орталықтар желісін «Жаңғыру жолы» белсенділері «SocialAssembly» республикалық форумында айтқан ҚХА жастарының бастамаларының бірі қалыптастыра бастады.


Соңғы жаңалықтар